RU

"Үш балаңды алып, кет деді": Енесінен таяқ жеген келін ел алдына шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Барно Юсупова есімді келіншек енесінің өзін таяқпен ұрып, үш баламен үйінен қуып шыққанын ашып айтты. Оның сөзінше, қайын енесі екеуінің арасындағы дау ақшаға бола туындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Енесінен таяқ жеген

Фото: Видеодан кадр

Бұл туралы келіншек КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында әңгімеледі.

"Жеке бизнесіміз бар. 12 келіден қамыр илеп, дүкенге өткіземіз. Бір күні сондай қамыр илеп жатқан кезде кіші ұлымның жөргегін ауыстыру үшін бөлмеге кіріп, ауыстырдым, артынша емізіп жатыр едім, енем шақырды. Жеті жасар қызым менің бала емізіп отырғандымды айтқанда енем: "Сұрамаған баланы неге емізіп жатыр?" деп айқайлады.
Күнде илеп жүрген қамырым ғой, сізге не болды? деп едім, ол маған: "Сен сөйлеме, маған тіл қайтаратын болдың ба?", - деп шықты", - дейді келіншек.

Ал келіншектің енесі келінін таяқпен ұрғанын мойындап отыр. Алайда әйел одан кешірім сұрағанын және мұндай қадамға әдейі бармағанын айтып өтті.

"Оразаның екінші күні еді. Мен де балам да ораза тұттық. Не тамақ, не шай берген жоқ. "Мен тұра алмаймын" деді де қойды. Мен де ұлым да үндемедік. Сол күні табақта тұрған ұнды әкеп бер дедім. Ол ауыр болғандықтан көтермей, сүйреп әкелуін сұрадым. Ол болса, көтеріп, алдыма келіп, тастай салды. Бұл жағдай екінші рет қайталанғанда да үндемедім. Үшінші рет осылай істеген кезде шыдамай, шақырып алып ұрыстым", - деді Батма Серікқызы.

Әйелдің айтуынша, осы сәтте ұлы араға кіріспегенде келіні енесіне қол көтермекшы болыпты.

"Маған қол көтергісі келді. Бала болмаған жағдайда мені ұрған болуы мүмкін еді", - деді әйел.

Келіншек өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол сондай-ақ енесінің үш баламен оны үйден қуып шыққанын сөз етті.

"Үш балаңды ал да кет. Шық, баяғыда сен бір қызыңды баға алмай, жалынып келдің ғой. Солай үш балаңды баға алмай аяғыма жығылып келесің", - деді", - дейді ол.

Келіншек бұрынғы күйеуінің өзінен кейін тағы бір әйелмен бас қосқанын, алайда, арада кикілжің болғандықтан онымен ажырасып, үшінші рет отбасын құрғалы отырғанын сөз етіпті.

Бұдан бөлек Барно қазіргі таңда үш баласына 21 мың теңге алимент алып отырғанына ашынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үш балаңды алып, кет деді": Енесінен таяқ жеген келін ел алдына шықты
Mailfire view pixel