Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық бодибилдер шебері коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатыр

Опубликовано:

Ерекше мүсінімен әлемді таңқалдырған қытайлық бодибилдер шебері Юань Херонг коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге көмектесіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Қытайлық бодибилдер шебері коронавирус жұқтырғандарға көмек көрсетуде
Фото: instagram.com/yuanherong1229: Facebook

Қауіпті вируспен күресуге атсалысып жатқаны туралы Юань Херонгтың өзі Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлаған.

"Мен дәрігермін және алдыңғы қатарда тұруым керек. Эпидемиямен күресуге көмектесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаудамын", - деп жазды ол.

Айта кетсек, бодибилдинг - Юаньннің хоббиі. Спортшының негізгі мамандығы - медбике.

Мedialeaks.ru басылымының жазуынша, Юань Херонг 30 жаста. Ол дәстүрлі Қытай медицинасымен емдейтін клиникада медбике болып қызмет етеді. Херонг үнемі басқа іспен айналысуда армандаған.

2017 жылы ол жауынгерлік өнерді меңгермек болып, жаттығу залына баруды бастаған. Содан бері оның өмірі түбегейлі өзгерген.

Юаньның сөзінше, ол медицина маманы болуды мүлдем армандамаған. Спортшының әкесі де анасы да - дәрігер болғандықтан, ол бұл салаға ата-анасының қолқалауымен келген.

Еске сала кетсек, бүгін соңғы мәліметтерге сай, қауіпті коронавирустан көз жұмғандар саны 492 адамға жеткені хабарланды. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандар саны 23 мың адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839550-kytajlyk-bodibilder-seberi-koronavirus-zktyrgandardy-emdep-zatyr/

pixel