RU

Алматы облысының тұрғыны елге Армениядан 78 көлік әкелген

Ішкі істер министрлігі елге ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдары туралы мәліметтерге талдау жүргізіп, бір адамның сырттан 78 көлік кіргізгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

fkvfns
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 475 қазақстандық 4152 автокөлік, яғни шамамен әрбір адам бес және одан да көп көлікті елге кіргізген.

Көлік құралдарын алып келуден Алматы облысының тұрғыны көш бастапты.

Ол Армениядан өз атына тіркелген 78 автокөлікті әкелген. Атырау облысының екі тұрғыны 43 және 40 көліктен кіргізген.

Қазақстанға 5-тен көп көлік алып кіргендердің басым көпшілігі мына облыс тұрғындары:

  • Атырау облысы – 2300 автокөлік
  • Маңғыстау облысы- 468 автокөлік
  • Ақтөбе облысы - 391 автокөлік
  • Алматы облысы - 170 автокөлік
  • Түркістан облысы - 146 автокөлік

Еске сала кетсек, бұған дейін оңтүстік астанада шетелден әкелінген алғашқы көлік тіркелгені хабарланған. Автокөлік Қазақстан аумағына Ресейден кіргізілген.

Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасының хабаралауынша, көлікті тіркеу ұзақ уақыт алмаған. Нәтижесінде жүргізушіге жаңа үлгідегі сары түсті мемлекеттік тіркеу белгісі берілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839573-almaty-oblysyny-trgyny-elge-armeniadan-78-klik-kelgen.html