RU
Ақаевтар әулетінің тағы бір мүшесі өмірден өтті

Ақаевтар әулетінің тағы бір мүшесі өмірден өтті

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың інісі Кубан Ақаев дерті салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы АИКpress басылымына сілтеме жасап.

Фото: elgezit.kg

Фото: elgezit.kg

Алдын ала мәліметтер бойынша, Кубан Ақаевты жерлеу рәсімі кеше, 5 ақпанда, Кемин ауданында өткен.

Кубан Ақаев - Асқар Ақаевтың ағасының баласы. Ол 59 жаста болған.

Сондай-ақ, 5 ақпанда Мәскеуде Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев 44 жасқа қараған шағында кенеттен көз жұмғаны хабарланды.

Жергілікті басылымның мәліметінше, Айдар Ақаевтың өлімі туралы жақындары жеткізген.

Алдын ала мәліметтер бойынша Айдар Ақаевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Қырғызстанды 1990-2005 жылдар аралғында басқарған Асқар Ақаевтың Бермет, Айдар, Саадат және Илим есімді төрт баласы бар.

2005 жылы Бермет пен Айдар Ақаевтар Жоғарғы Кенешке кандидат болып, биліктің "Алға Қырғызстан" партиясынан депутаттық мандат алды. Бұл өз кезегінде елде жаппай наразылық тудырды.

2005 жылдың 24 наурызында "Ақ үйді" басып алумен аяқталған митингтердің нәтижесінде Асқар Ақаев қызметінен алынып, ол елден отбасымен бірге қашып кетті.

Айдар Ақаев кинематография саласында танымал Чокубаевтар әулетінің қызы Сайкалға үйленген. Олардың екі баласы бар.

Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшкеннен кейін, Айдар кәсіппен айналысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel