RU

Отандық өндірушілер вирус тараған Қытайға медициналық маска сатқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінде қауіпті коронавирустың тарауына байланысты медициналық маскаларға деген сұраныс едәуір артып кетті. Ал қазақстандық өндірушілер мұны тиімді пайдаланып, маскаларды Қытайға сата бастаған екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Бұл жайында денсаулық сақатау министрлігі мәлімдеді.

"Осы жерде біз бетперде өндірушілері мен дистрибьютерлердің әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді: олар қорларын Қытайға сатқан, осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салған. Отандық өндірушілер халықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандығына байланысты, шетел өндірушілерінен бетперде сатып алу қарастырылуда",- делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, министрік егер ЖРВИ белгілері болмаса, бетперде киюдің қажеттілігі жоқтығы туралы SMS хабарлама таратуды жоспарлапты. Өкінішке орай, хабарламаны жіберу үшін отандық ұялы байланыс операторларынан қолдау болмаған екен.

Айта кетейік, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарды бақылаудың жай-күйі жайлы баяндады.

Ведомство қазірге дейін жалпы 110 адам дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

"Оның ішінде 105 науқас жаңа короновирустық инфекцияға тексерілді. Короновирус анықталған жоқ. 80 адам үйлеріне қайтарылды. 30 адам ауруханада жатыр. Науқастардың жағдайы жақсы", -делінген хабарламада.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Отандық өндірушілер вирус тараған Қытайға медициналық маска сатқан
Mailfire view pixel