RU
Атырау облысында бірқатар шенеунік сотталды

Атырау облысында бірқатар шенеунік сотталды

Рассказать Вконтакте

Атырау өңірінде облыс әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты сот процесі аяқталды. Бұл туралы аталған аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомствоның мәліметінше, бұрынғы облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ білім басқармасының басшысы мен оның орынбасары сот алдында жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, Тілендиев атындағы дарынды балаларға арналған мектептің бас есепшісі, облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының жетекшісі, бас есепшісі, сондай-ақ "Қазақстан Геологы" пансионатының бас есепшісі жауапқа тартылды.

Жоғарыда аталған шенеуніктердің барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқыру бойынша айыпталуда. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, олар бірнеше рет пара алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпарынша, білім беру ведомствосының қызметкерлері келісімдер жасауға, аттестациядан өтуге, сондай-ақ ҰБТ тапсыруға көмектескендері үшін пара алып отырған.

Бүгін, 6 ақпанда сот айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.

Осылайша, бұрынғы облыс әкімінің орынбасары екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны қаражат жымқыру, қызмет бабын теріс пайдалану және пара алу бойынша кінәлі деп таныды.

Облыстық білім басқармасының басшысы да дәл сондай мерзімге сотталды. Ол "жымқыру" мен "алаяқтық" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Оның орынбасары ақша жымқырғаны, пара алғаны мен алаяқтық жасағаны үшін 4 жылға сотталды.

Дарынды балаларға арналған мектептің бас есепшісі мен әдістемелік орталықтың жетекшісі ақша жымқыру мен алаяқтық бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Сот процесінің қалған қатысушылары мемлекет қаражатын жымқырғандары үшін түзету мекемелерінде 4,5 жыл жазаларын өтейтін болады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бұдан былай депутаттар мен судьяларға сыйлық беруге тыйым салынбақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel