RU
Жүрсін Ерман Айнұр Тұрсынбаевадан да көп көлік мінген айтыскер ақынды атады

Жүрсін Ерман Айнұр Тұрсынбаевадан да көп көлік мінген айтыскер ақынды атады

Рассказать Вконтакте

Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман ең көп көлік жеңіп алған айтыскерлер жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhursin_yerman, aidyn_nury

Фото: Instagram/zhursin_yerman, aidyn_nury

"Арамызда 45 көлік мінген ақындарымыз бар. Ол – Аманжол Әлтаев. 35 көлік мінген Айнұр Тұрсынбаева. Бұдан бөлек, бестен-оннан көлік мінген ақындарымыз бар", - деді Жүрсін Ерман.

Айтыс жанашырының сөзінше, айтысқа бағалы сыйлықтарды тігу 1997 жылдың қазан айында басталған.

"Сол кезде "Хабар" арнасының директоры Дариға Назарабаева болатын. Екеуміз ауызша келісім жасап, айтыстың жаңа кезеңін бастап кеттік. Содан бері 300-дей жеңіл көліктің өзі немесе соның құны ақындарға берілді", - дейді халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы.

Жүрсін Ерманның айтуынша, бұған дейін айтысты өткізу үшін демеушілерді іздеп, жүлде тағайындалатын. Ал қазіргі уақытта бұл мәселенің барлығы шешілген.

Себебі "Nur Otan" партиясы айтысты өз қамқорлығына алған. 

"Өткендегі айтысты да, "Алтын домбыраны" да, осы айтысты да мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырып отыр. Мысалы, "Алтын домбыраға" 30 миллион теңге көлемінде шығын шықты. Ол жүлде ғана емес. Ақындардың келіп кететін жол пұлы, жататын орны, ішетін тамағы, сахнаны безендіру – бұның барлығы қымбат нәрсе", - деді айтыс жанашыры.

Еске сала кетсек, Жүрсін Ерман елімізде жік-жікке бөлініп, домбыраны "харам" деп санайтын ақындардың бар екендігін айтқан болатын.

Сондай-ақ, ол Ринат Зайытовтың айтысын бес-ақ минут көрсеткен телеарналарға да назын білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel