RU

Есімов Тоқаевқа "Самұрық-Қазынаның" жұмысын баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Есімов Тоқаевқа "Самұрық-Қазынаның" жұмысын баяндады

Фото: Ақорда / primeminister.kz

Кездесу барысында Қазақстан президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, қордың негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері артқан. Кіріс көлемі 2018 жылғы 10,1 триллион теңгеден 2019 жылы 10,7 триллион теңгеге артып, таза пайда 2018 жылы 1,1 триллион теңге, ал 2019 жылы 1,2 триллион теңге болды. Қордың активтері 10 пайызға артып, 26,5 триллион теңгеге жетті.

Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы отандық өндірісті қолдауға, сатып алулар ісіндегі жергілікті  кәсіпорындардың үлесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар енгізу жөнінде мәлімет берген. 

Еске сала кетсек, таяуда президент премьер-министр Асқар Маминмен кездесті.

Кездесу барысында мемлекет басшысы үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Есімов Тоқаевқа "Самұрық-Қазынаның" жұмысын баяндады
Mailfire view pixel