RU
Тағы бір қазақстандық тұрғын әлемді коронавирустан құтқарудың жолын тапты (видео)

Тағы бір қазақстандық тұрғын әлемді коронавирустан құтқарудың жолын тапты (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкент тұрғыны Абдужафар Шабдыраимов әлемді коронавирустан құтқарудың жолын тапты. Ер адам жаңа вирусты жұқтырғандарды айықтыратын арнайы куб ойлап шығарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ elitar.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Шымкенттік азаматтың айтуынша, бар болғаны фигураны дұрыс пайдалану қажет. Бүгінгі таңда ол үш кубты қолдан жасап шығарған.

Абдужафар Шабдыраимов оларды адамзаттың пайдасына жұмсауға, тіпті, жаппай өндіріске шығаруға дайын.

"Коронавирусты жою үшін аса бір ерекше ақылдың қажеті жоқ. Кубты 21 минут 21 секунд ұстап тұру жеткілікті, сол кезде коронавирус болмайды", – дейді ер адам.

Қазіргі уақытта тұрғын аталған өнімді патенттеу процедурасының аяқталғанын күтіп отыр. Ары қайрай кубты толық күшінде пайдалану қажет. Өнертапқыштың пікірінше, бұндай зат әр отбасында болуы керек.

"Қазір патенттеу процедурасы жүріп жатыр. Сондықтан да оны әлі емдеу шараларына қолдана алмаймыз. Мысалы, егер жыныстық инфекциялар болса, кубты қолда 16 минут 16 секунд ұстап тұру жеткілікті, адам дертінен айығып кетеді. Немесе кез келген басқа да инфекцияларға қолдануға болады. Бірақ менің алдымда барлық залалды организмдерді жою міндеті тұр", – дейді Шабдыраимов.

925-сынамадағы күмістен құйылған кубтың әр бетінде сандардың жазылуы бекер емес. Абдужафар Шабдыраимов көптеген хоббилерімен қатар, рухани тәжірибелерді, адамның өзін-өзі емдеу мүмкіндіктері мен нумерологияны зерттеумен айналысады. Ол "сандар барлығын біледі" деген пікірде.

"Біздің миымыз, куб және уақыт, осылардың барлығы өзара әрекеттеседі. Уақытты қандай да бір бағдарламаға орнату арқылы кубқа қажетті жиілікті өндірте аламыз", – дейді шымкенттік Пифагор.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық келіншек Ухань қаласында пайда болған жаңа коронавирустың емін тапқанын мәлімдеген. Бейне Қаржаубаева ғаламды алаңдатқан дерттен жыланның уы арқылы айығуға болтынына сенімді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel