Выйти
RU

Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайға байланысты құрылған үкімет комиссиясы оқиға орнына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы ауруханаға барып, топтасқан төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен сөйлескен.

Белгілі болғандай медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылған. 20 адам бақылауда және емханадан шығаруға әзірленуде. 5 пациент санитариялық авиация желісі бойынша Алматы қаласына, 1 пациент Тараз қаласына ауыстырылған.

Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгінді, оның ішінде 84 адам тексеруден соң үйлеріне жіберілді. 

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Аудан ақсақалдарымен әңгімелесу кезінде Бердібек Сапарбаев болған кикілжіңнің негізгі себептері туралы сұрады. 

"Себебі - тұрмыстық кикілжің. Қазір жағдай тұрақталды. Барлығы заң бойынша, құқықтық сала аясында болуын сұраймыз", - деді Сортөбе ауылының тұрғыны Арли Мусаров. 

Вице-премьер ауданда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет комиссиясы арнайы келгенін атап өтті. 

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

"Біз сіздерден, қоғамда беделі бар ақсақалдардан тұрғындарға біздің жағдайды объективті тұрғыда анықтау үшін келгенімізді түсіндірулеріңізді өтінеміз. Кінәлілер жазасын тартады. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Қазір басты мәселе - өңірдегі тұрақтылықты, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету", - деді Сапарбаев. 

Үкімет комиссиясы Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі қазіргі жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен, оқиға кезінде қаза тапқандардың отбасыларымен бірқатар кездесу өткізеді, зардап шеккендерге барады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көреді. 

Сонымен қатар жергілікті жерде әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шешу бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

Облыс әкімдігімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру, келтірілген залалды бағалау және зардап шеккен меншік нысандарын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бұл оқиғаға байланысты үкімет комиссиясын құруды тапсырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды (фото)