RU

Ауыр атлетикадан лицензиялық турнирде қазақстандық спортшы алтын алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Токио олимпиадасына жолдама беретін халықаралық жарыс өтуде. Турнирдің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Игорь Сон алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстан атынан сынға түскен Игорь Сон 61 келіде өнер көрсеткен.

Ол жұлқа көтеруде 130 келіні, серпе көтеруде 156 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 286 келіні бағындырған.

Осылайша қазақстандық спортшы ел қоржынын алтын медальмен толықтырған.

Ал халықаралық жарыстың күміс жүлдесі малайзиялық Мухамад Анзил Бин Бидинге, қола түрікменстандық Сейтжан Мирзаевке бұйырған.

Еске сала кетесек, бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың 2009 жылғы әлем чемпионы атағынан және басқа да жүлделерінен айырылғанын хабарланған еді.

Спортшының жүлделерінен айырылуына допинг дауы себеп болған.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешіміне сәйкес Седов 2008-2016 жылдар аралығында қол жеткізген барлық жүлделерін қайтаруы тиіс.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев күрес, бокс, ауыр атлетика бойынша өткен әлем чемпионаттарында Қазақстан құрмасының нәтижелері көңіл көніштерлік емес екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауыр атлетикадан лицензиялық турнирде қазақстандық спортшы алтын алды
Mailfire view pixel