Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайда тынымсыз жұмыс істеген Сапарбаев өз туған күнін ұмытып кетті

Опубликовано:

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарымен күресу үшін құрылған үкіметтік комиссия басшысы, бұрынғы вице-премьер, қазіргі Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 9 ақпан күні өткен туған күнін ұмытып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: primeminister.kz
Бердібек Сапарбаев. Фото: primeminister.kz: UGC

Осдыан екі күн бұрын жоғары лауазымды шенеунік 67 жасқа келді.

Бірақ Сапарбаевтың өз туған күнін тойлауға уақыты болған жоқ, себебі ол өткен демалыс күндері жаппай тәртіпсіздік болған Қордай ауданында жүрді.

Соңғы уақытта шенеунік үкіметтік комиссия құрамында белсенді жұмыс жүргізуде. Осы кезең аралығында Сапарбав шулы оқиғадан зардап шеккен халықпен кездесулер өткізіп, атқарылған жұмысқа есеп берген брифингке қатысты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Одан бөлек, облыстың қазіргі әкімі жәбірленушілермен жүздесіп, жаппай жанжал кезінде қайтыс болғандардың туыстарына барып қайтты.

"Туған күнді тойламадық. Мұнда Төтенше жағдай, жұмыс көп. Күнді қалай өткізгенімізді суреттер мен видеолардан, жаңалықтардан көре аласыздар. Тамақтануға уақыт болмады", - дейді үкіметтік комиссия өкілі.

Айта кетейік, күні кеше Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Бердібек Сапарбаев келді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Сапарбаевты әкім ретінде таныстырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840364-kordajda-tynymsyz-zmys-istegen-saparbaev-z-tugan-knin-mytyp-ketti/

pixel