RU
Атырауда жоғалып кеткен ер адамның денесі екі күннен кейін табылды

Атырауда жоғалып кеткен ер адамның денесі екі күннен кейін табылды

Рассказать Вконтакте

Атырауда екі күн бойы іздестіріліп жүрген ер адамның денесі табылды. Ол жоғалып кеткен төрт түліктің соңынан шығып, өзі үйге қайтып оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Атырауда жоғалып кеткен ер адамның денесі екі күннен кейін табылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Өңірлік ТЖД мәліметінше, Матеште тұратын 48 жастағы ер адам мотоцикліне мініп, үйге қайтып оралмаған малдың артынан шыққан, алайда өзі қайтып келмеген.

Туыстары оның үйден алыс емес жерде қонып қалғанына сенімді болыпты. Дегенмен ер адам келесі күні де қайта келмеген соң, дабыл қағып, құзыретті органға жүгініпті.

Адамдар жоғалған азаматты іздестіруге шықты. Нәтижесінде, ер азаматтың жансыз денесі Жаманқұдық қыстауының жанынан табылды.

Ведомство атап өткендей, ер адам екі дөңгелекті транспорт тайғанақ жолда аударылып кеткендіктен көз жұмған.

Естеріңізге сала кетеейік, оңтүстік астананың Бостандық ауданында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасының орын алғанын хабарлаған едік.

Соқтығыстан 1998 және 1999 жылы туған екі адам көз жұмды. Екеуі де жеңіл автокөлікте отырған.

Ведомстовның мәліметінше, Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған факт бойынша тергеу бастаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel