Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен ұрысып, ішімдік ішкен әйел жасқа толмаған қызын қайтара алмай жүр

Опубликовано:

Нұргүл Бидайбекова есімді келіншек күйеуімен жанжалдасып қалғаннан кейін үйден кетіп, өзімен бірге бір айлық Айзат есімді қызын алып кеткенін айтты. Қонақүйден бөлме жалдаған ол құрбысымен бірге ішімдік ішіп, наркологиялық диспасерден бір-ақ шыққанын және содан кейін қызынан айырылып қалғанын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеуімен жанжалдасып ішімдік ішкен әйел енді бір айлық баласын қайтара алмай жүр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Баласына бірнеше айдан бері қолы жете алмай жүрген ана КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына көмек сұрап келді.

"Күйеуіммен қатты ұрысып қалдым. Сосын қызымды алып "Самал" деген қонақүйден бөлме алдым. Кейіннен барып құрбымды кездестіріп қалдым.
Ол маған: "Кішкене ішсең жеңілденесің" деді. Кішкене іштім де, қайтадан бөлмеме барып, күйеуіме хабарласып, дәрілер әкелуін сұрадым", - деп бастады сөзін ол.

Келіншектің сөзінше, ол күйеуіне хабарласқаннан кейін қонақүйге полиция мен педиатр келіп, бір айлық қызын бөбектер үйіне әкетіпті.

Ал Нұргүлдің өзін орташа деңгейде ішімдік ішкен деп танып, наркологиялық диспансерге есепке қойған.

Бүгінде оқиғадан кейін үш ай өтіпті. Ерлі-зайыптылар кішкентай қыздарына әлі де қол жеткізе алмай жүр.

Әйелдің ойынша, полицияға хабарласып, оны наркологиялық диспансерге жатқызған күйеуінің бірінші әйелі болуы мүмкін.

"Білмеймін кім хабарлағанын. Күйеуімнің бірінші әйелінен күдіктенемін. Оған күйеуімнің астындағы көлігі мен үйі керек.

Осы күнге дейін мазалайды. "Үш баласымен мені жетістірмеген. Бір балаңмен сені жетістіре ме?" деп хат жазып жібереді.

Алғашқы кездері екеуіміз бірге тұрып жатқан кезде інісін жіберіпті. Дүкеннің алдында тұрған жерімде тепкілеп, оң жақтағы қабырғамды сындырып кетті", - деп ағынан жарылды Нұргүл.

Алайда студияға келген сарапшылар келіншектің ойымен келіспеді. Олардың ойынша, кейіпкерге ішімдік ішуге ұсыныс тастаған "құрбысының" бұған қатысы бар болуы мүмкін.

Олар сондай-ақ, баланың шырылын естіген қонақүй қызметкерлері де полицияға хабарласқан болса кереку деп есептейді.

Бір айлық сәби келіп түскен "Үміт" бөбектер үйінің заңгері баланың денесі қызарып кеткенін айтты.

"Айзаттың жағдайы жақсы. Бала келген кезде медбикелер мен полицияның толтырған актілері бар. Құжат бойынша, аты-жөні белгісіз, кәмелет жасқа толмаған, жасы шамамен 1,5-2 айлық қыз бала сағат 19:42-де келіп түсті. Бала күтім көрмеген, үсті-басы лас. Түрлі жарақаттары бар", - деп актіні оқып берді заңгер.

Қыз баланың анасы бұл актіні жалған толтырылған деп отыр.

Алайда заңгер бұлдіршін бөбектер үйіне жеткенше денесі қызаруы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Бағдарлама соңында анайы коммисияның шешімімен "Үміт" бөбектер үйінде тәрбиеленіп отырған Айзат анасы Нұргүл Бидайбековаға қайтарылатыны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840639-kjeuimen-rysyp-isimdik-isken-jeln-zaska-tolmagan-kyzyn-kajtara-almaj-zr/

pixel