RU

Шотландияда дауылдан кейін беймәлім мақұлықтың қаңқасы пайда болды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шотландияның солтүстік-шығысында "Сиара" дауылы болып, теңіз жағалауында жұмбақ тіршілік иесінің қаңқасы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Шотландияда дауыл болып, теңіз жағалауында алып қаңқа пайда болды (фото)

Фото: twitter.com/onfirecatering

Қалдықтар Абердиншир аумағындағы жағалаудан 9 ақпанда табылған. Сол күні өңірде сағатына 144 шақырымдық жел мен нөсер жауын болған.

Жарияланған сурттердің алдыңғы бөлігінде шығыңқы мүйіз тәріздесі бар, ұзын жылан қаңқасы көрсетілген. Әлеуметтік желідегілер мұның қай жануарға тиесілі екенін анықтауға кірісіп кеткен. Кейбіреулер мұны кит пен косатканың қаңқасы десе, енді бірі бұл сүйектер акулаға тиесілі екенін айтуда.

Теңіз биологиясы мамандары әзірге бұл қалдықтар туралы нақты ақпарат бермеген.

"Өкінішке орай, бір фотосуретке қарап біз мұның киттің бір түрі деп айта аламыз. Мұның нақты не екенін анықтау үшін бізге басқа ракурстан суреттер керек", - дейді Абердинкий университетінің маманы Дэвид Лусо.

Еске сала кетсек, өткен жылы Қарағады облысында Балқаш тұрғындары жол бойына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатып, шөп арасынан адамның қаңқасын тауып алған еді.

Кейінірек, Балқаш қалалық полиция бөлімінде бұл ақпаратты растап, қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сүйектер сараптама орталығына берілгенін хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шотландияда дауылдан кейін беймәлім мақұлықтың қаңқасы пайда болды (фото)
Mailfire view pixel