RU
50 мың пара алған шенеунік бір миллион айыппұл төледі

50 мың пара алған шенеунік бір миллион айыппұл төледі

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұзда 50 мың теңге пара алған шенеунікке 1,2 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді бұйырды. Енді лауазымды тұлға мемлекеттік қызметте өмір бойы істей алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тергеуден кейін шенеуніктің ісі Екібастұз сотына жіберілді. Жергілікті әкімдіктің бөлім бастығы елу мың теңге пара алғаны үшін миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шықты.

Тергеу мәліметтері бойынша оған жергілікті үйлердің біріне жер учаскесін рәсімдеу үшін қаражат "ұсынылған".

Сондай-ақ, сот лауазымды тұлғаны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырды.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай Нұр-Сұлтан қаласында орын алған.

Елордада патрульдік полицияның арнайы батальон қызметкеріне пара алғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 бабы 2 тармағына сәйкес үкім шықты. Оған сәйкес, бұрынғы полицей 3 миллион теңге айыппұл төледі.

Сондай-ақ, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордадағы Байқоңыр ауданының басшысы пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel