RU

Зағип жан көзге арналған протездің арқасында көре бастады

Испаниядағы Мигель Эрнандес университетінің ғалымдары зағип әйелге көз протездерін қойды. Оның көмегімен көр соқыр келіншек әріптер мен адамдарды айыра алатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зағип жан көзге арналған протездің арқасында көре бастады
Фото: Medical Note: UGC

57 жастағы Бернадета Гомес 16 жыл бұрын көз жанарынан айырылды. Испаниялық нейроинженер Эдуардо Фернандестың туындысы оған әлемді қайта көруге мүмкіндік берді.

Науқас сынап көрген құрылғы үш бөліктен тұрады. Біріншісі - камерамен қамтамасыз етілген көзәйнек. Камерадағы белгі компьютерге барып, содан кейін электрлік импульске айналады.

Содан кейін олар кабель арқылы арнайы портқа жүріп, ол бас сүйегінің артқы жағына қосылады.

Мидың көру қабығына имплантат орнатылады. Порт пен имплантат өзара әрекеттеседі.

Бернадета Гомес аптасына төрт рет көз жанарын бақылау лабараториясына барып жүріп, қондырғыны жарты жыл бойы сынады.

Оның сөзінше, көзге арналған протездер оған әлемді сәл көруге мүмкіндік беріпті. Ол адамдар мен әріптерді ажырата алатын деңгейге жеткен. Науқас тіпті, оңай компьютерлік ойынды ойнай алды.

Естеріңізге сала кетейік, Польшаның Гожув-Велькопольски қаласында бір көзі көрмейтін жан көлік қағып кеткеннен кейін толықтай көре бастаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840862-zagip-zan-kzge-arnalgan-protezdi-arkasynda-kre-bastady.html