RU

Жапонияда 218 адам коронавирус жұқтырған круизді лайнерде төрт қазақстандық бар

218 жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде Қазақстан Республикасының төрт азаматы бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Круизный лайнер Diamond Princess. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images
Круизный лайнер Diamond Princess. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images: Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары бар. Круизді лайнердегі отандастарымыздың саны 4.

Қазіргі уақытта 3,7 мың адам карантинге жатқызылған.

Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218- ді құрады.

Ахметшәріп қазақстандықтардың жағдай қанағаттанарлық екенін мәлімдеді. Әзірге зертханалық зерттеу нәтижелері дайындалып жатыр.

Карантин 19 ақпан күні аяқталады.

Айта кетейік, Қазақстан билігі коронавирус жайлаған Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда. Бүгін оңтүстік астанаға бортында 211 жолаушысы бар ұшақ келіп қонды.

Ал 11 ақпанда 217 қазақстандықтың Қытайдан эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Елжан Біртанов елге оралғандардың бәрі 14 күн бойы карантинде болатынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 342 Қазақстан азаматы ҚХР аумағынан шығудан бас тартқанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1840890-zaponiada-218-adam-koronavirus-zktyrgan-kruizdi-lajnerde-trt-kazakstandyk-bar.html