RU

Қазақстанда 15 жыл құлдықта болған Ресей азаматы өзінің ауыр тағдырын баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 15 жыл құлдықта болған Салават есімді Ресей азаматы өзінің тірі екенін дәлелдеп шықты. Қожайыны қайтыс болған соң ғана бостандық көрген азаматты өз елінде өлілер қатарына қосып қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Кадр "Астана" арнасының сюжетінен алынды

Кадр "Астана" арнасының сюжетінен алынды

Салават әскерде борышын өтеген соң Қазақстанға келіпті.

Осында жүріп, құжаттарын жоғалтып алған. Сол кезде танысы оған өзінің ата-анасының қолында жұмыс істеуді ұсынған. Ер адам бұл ұсынысқа келіскен, алайда, 15 жыл бойы құлдықта өмір сүретіні ойына да кірмесе керек.

Ұзақ жылдар бойы ол тамақ пен баспана үшін мал бағып, үй шаруасын атқарып келген. Тек қожайыны қайтыс болған соң ғана бостандыққа шығуына мүмкіндік пайда болыпты. Салават отанына оралуға ниеттенген, алайда, ол жақта ер адамды баяғыда өлілер қатарына қосып қойғаны белгілі болды.

"Келмей ақ қойсаңыз болады, сіз өлілер қатарындасыз деді. Қайтыс болғаным туралы анықтама да бар екен. Оны елшіліктен берді. 2003 жылы мені Ресейде жерлеп қойыпты", – дейді Салават.

Ер адам ақыры сот арқылы өзінің тірі екенін дәлелдеген. Алайда, әлі де құжаттарын қалпына келтіре алмай жүр. Ол бүгінде үйсіздерге арналған баспанада тұрып, әр жерде пайда тауып күнін кешуде.

Елімізде тағдыры осыған ұқсайтын адамдардың қарасы көп екені белгілі болды. Өткен жылдың өзінде 76 азамат адам саудасының құрбаны болған. Олардың басым бөлігі – ер адамдар. Сондай-ақ бір баланың да саудаға салынғаны анықталды. Әдетте оларды Қазақстан аумағында сатқан. 2019 жылы адамды шетелге сатудың бір ғана оқиғасы тіркелген екен.

"Бір адам Түркияға сатылған. Қалған жағдайларда адамдар Қазақстан аумағында пайдаланылған. Олардың жиырмасы – Қазақстан азаматы. Бұларды бір қалалардан алып кетіп, бақса қалада сатқан. Яғни, ішкі адам саудасы. Ал адамдарды шетелден ел аумағына алып кірудің 50 оқиғасы анықталған", – дейді БҰҰ-ның миграция бойынша халықаралық ұйымының ұлттық офицері Алия Белоносова.

БҰҰ өкілінің айтуынша, әдетте Өзбекстан, Ресей, Молдова, Филиппин және Қытай азаматтары саудаға салынады. Оларды негізінен үй шаруашылығында, құрылыста, фермаларда және секс-индустрияда пайдаланады.

Еске сала кетейік, былтыр күзде Қостанай облысының полициясы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты оқиғаның мән-жайымен бөліскен еді. Белгілі болғандай, кафе қожайыны бірқатар жұмысшыларды жүйелі түрде ұрып-соққан, еңбек және сексуалды құлдықта ұстап келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 15 жыл құлдықта болған Ресей азаматы өзінің ауыр тағдырын баяндады
Mailfire view pixel