Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 66,4 мыңды құрады

Опубликовано:

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша комитеті сенбі күні елдің 31 әкімшілік провинциялық аймағынан және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус жұқтырудың жаңадан 2641 жағдайы тіркелгені және тағы 143 адамның көз жұмғаны туралы мәлімет алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

14 ақпан күндегі соңындағы мәліметтер бойынша, 31 әкімшілік провинциялық аймақ пен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирустың жаңа түріне шалдығудың расталған жағдайлары барлығы 66 492 адамды құрады. Індеттен осы күнге дейін 1523 адам қаза тапты.

"11 053 науқастың жағдайы ауыр, вирусты жұқтырды деген күдікпен 8969 адам тексеріліп жатыр. Жұманың соңындағы мәлімет бойынша, 8096 адам ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды. Науқастармен байланыста болған 513 183 адам дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, 30 081-інен медициналық бақылау алынды", - делінген мәліметте.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруға дайын екенін мәлімдеді.

Қытайлық дәрігерлер COVID-19 коронавирусын емдеудің жаңа әдісін тапқандарын мәлімдеді. Олар қатерлі вирусқа шалдыққан адамдарға плазма құю әдісін қолдана бастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1841133-kytajda-koronavirus-zktyrgandar-sany-664-mydy-krady/

pixel