Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында көршісінің қызын аяусыз өлтірген әйел 20 жылға сотталды

Опубликовано:

Қарағанды облысы, Весовая ауылында тұратын әйел көршісінің баласын өлтіргені үшін алдағы 20 жылын темір тордың ар жағында өткізбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

закон
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Баланың ата-анасы қыздарына қарай тұруларын өтініп, оны көршісіне тастап кеткен.

Ал сотталушы 34 жастағы Тамара Казанцева болса өзіне кедергі келтірген баланы ас үй пышағымен өлтіріпті.

"Сот Казанацеваны ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлімі, 3,5 және 14 тармағы, яғни белгілі бір кәмелетке толмаған баланы қатыгездікпен, дәрменсіз жағдайды пайдаланып өлтіру бойынша айыпты деп тануға үкім шығарды. Қауіпсіздігі жоғары мекемеде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді мамандандырылған ауданаралық соттың қылмыстық істер бойынша судьясы Бекзат Шалғымбаев.

Айта кетсек, қылмыс 2019 жылдың 27 қарашасында жасалған. Сот барысында Казанцева барлық кінәсін толық мойындады. Куәлік беруден бас тартпаған.

Қылмыс жасау кезінде пәтерде күдіктінің 43 жастағы азаматтық некедегі күйеуі болған. Мас күйде болған ер адам баланың денесін бөлмеден тауып алып, полицейлер мен дәрігерлерді шақырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шарананың тоңазытқышта қатып өлуіне байланысты іс бойынша үшінші күдікті анықталғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841250-karagandy-oblysynda-krsisini-kyzyn-aausyz-ltirgen-jel-20-zylga-sottaldy/

pixel