RU

Ақтауда екі бірдей жол апатынан 3 адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше, 16 ақпанда Ақтауда түстен кейін бірнеше жол апаты орын алып, үш бірдей адамның өмірін қиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

три ссс

Фото: Lada.kz

Алғашқы жол апаты Ақтау әуежайына апарар жолда, шамамен сағат 13:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:30-да) орын алған.

Lada.kz басылымының жазуынша, BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, салдарынан көлік жарық бағамына соғысқан. Соққының қатты болғаны соншалықты көлік аударылып кеткен.

три ссс

Фото: Lada.kz

Басылымның дерегіншше жол-көлік оқиғасынан 2002 жылғы жас жігіт қайтыс болды. Одан бөлек 1998 және 2001 жылы туған (үшіншісінің туған күні көрсетілмеген - ред.) тағы үш жас жігіт зардап шеккен. Олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына әртүрлі жарақаттармен жеткізілген.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері барған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, іс ҚР ҚК 345 бабы бойынша тергелуде, сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Екінші оқиға "Ақтау - Форт-Шевченко" тас жолының 19 шақырымында, кешкі 19:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да) болды.

три ссс

Фото: Lada.kz

Жол апатының салдарынан 1985 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел қайтыс болды. Олардан бөлек, 1993 жылы туған және жасы 35-38 шамасындағы екі ер адам жапа шеккен. Олар екеуі де ауыр жағдайда Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Маңғыстау облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда екі бірдей жол апатынан 3 адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды (фото, видео)
Mailfire view pixel