RU

Ахтанов театрында премьера: "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" көрерменді тәнті етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында қырғСызстандық режиссер Нұрлан Абдықадыров Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» драмасын сахналады. 12-13 ақпан күндері премьерасы өткен спектакль ақтөбелік көрерменнің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, қойылымды тамашалауға облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған зиялы қауым өкілдері келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооо

Қазақтың махаббат символына, қазақ лиро-эпосының інжу-маржанына айналған «Қозы көрпеш-Баян Сұлу» жыры - атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі.

Ғабит Мүсірепов қағаз бетіне көркемдеп түсірген драма еліміздің маңдай алды театрларынан бастап, кішігірім өнер ұжымдарында сахналанып келсе де, ақтөбелік драма театры бұл қойылымға ерекше ден қойып, өзге қырынан көрсеткен.

Ел арасында кеңінен таралған спектакль жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, ерлік пен өрлік тақырыбында сыр шертеді.

оооооооо
Қазақ труппасының басым бөлігі бой көрсеткен аталмыш қойылымға театрдың шығармашалық құрамы бір жарым айға жуық уақыт дайындалған.

Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдықадыров қазақтың махаббат хикаясын көрсетуде өзіндік тәсілдерін қолданып, түрлендіре түскен.

Үш түрлі құрамда басты рөлдерді сомдаған Аслан Төлентай, Бағдат Телеуғалиев, Шыңғыс Тельман,  Сандуғаш Қарсақбаева, Әсем Қонысбаева, Диана Нағыметуллақызы сынды әртістер де барын салып, образды аша түсуге тырысқан.

оооооооо
Айта кетерлігі, қос ғашықтың кіршіксіз сезімі дәріптеліп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген спектакльдің "Әулие Валентин күні" деп аталатын 14 ақпан қарсаңында жұртшылық назарына ұсынылуында үлкен мән жатқан секілді.

Қойылымның негізгі идеясы мен актерлік құрамның шеберлігі спектакльді тамашалаған әрбір жанның санасын сілкіндіретіндей ой қалдырса, демек театр ұжымы мен режиссердің талғамы биік көрермен алдындағы борышы орындалды деуге болады.

оооооооо

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ахтанов театрында премьера: "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" көрерменді тәнті етті
Mailfire view pixel