RU

Ирландия жағалауына ішінде тірі жан жоқ құпия кеме келіп тоқтады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ирландия жағалауына күшті дауылдың ықпалынан Танзанияның туы ілінген MV Alta жүк кемесі келіп, тоқтаған. Ең қызығы, кемеде тірі жан жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Жергілікті Irish Examiner порталының мәліметінше, 2018 жылдың күзінде аталмыш кеме Бермуд аралдары маңынан жүзіп өткен.

Шамамен сол кезде кеме істен шығып, экипаж мүшелері құтқарылған. Содан бір жыл өткеннен кейін кеме Африка жағалауы маңынан байқалған.

Мамандар "елес-кеменің" ұзақ қашықтықты жүзіп өткенін айтады. Ал оның капитаны сол күйі табылмаған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Еуропаның бірнеше елінде "Деннис" дауылы тіркелген. Соның салдарынан Ұлыбританияда үш адам қайтыс болып, мыңдаған адам су басу қаупіне байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, жақында Шотландияның солтүстік-шығысында"Сиара" дауылы тұрып, теңіз жағалауында жұмбақ тіршілік иесінің қаңқасы пайда болған еді.

Қалдықтар Абердиншир аумағындағы жағалаудан 9 ақпанда табылған. Сол күні өңірде сағатына 144 шақырымдық жел мен нөсер жауын екен.

Мамандар әзірге бұл қалдықтар туралы нақты бір ақпарат бере алмай отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ирландия жағалауына ішінде тірі жан жоқ құпия кеме келіп тоқтады (видео)
Mailfire view pixel