RU

Тоқаев қазақстандық барлау басқармасының қару-жарақтарымен танысты (фото)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ааааа
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысына әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды.

Сонымен қатар, президент Бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты. 

ааааа
Фото: Ақорда: UGC
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты.
ааааа
Фото: Ақорда: UGC

Сондай-ақ, ол жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасына әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырып, аталған бөлімдегі әскери қызметшілердің еңбегіне табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындылары туралы есеп берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841587-tokaev-kazakstandyk-barlau-kyzmetini-kral-zabdyktaryn-tekserdi.html