RU

"Ұсқынсыз етпеймін": Дәрігер модельдің жасанды кеудесін алып тастаудан бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Австралиялық дәрігер модельге қолайсыздық тудырған жасанды кеудені алып тастаудан бас тартқан. Оның ойынша, егер ота жасалса, бойжеткеннің мансабына нұқсан келуі мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ге сілтеме жасап.

"Сені ұсқынсыз етпеймін": Дәрігер модельдің жасанды кеудесін алып тастаудан бас тартты

Фото: instagram.com/sweatwithbec

Үш жыл бұрын кеудесіне имплант орнатқан австралиялық ару бірнеше уақыт өткен соң ауырсынуды сезініпті.

Оның бір жақ сүт безінің айналасына көп көлемде су жиналып қалған.

Дәрігерлер модельден бактериялық инфекцияны анықтап, оны дәрінің көмегімен емдеген.

Алайда біраз жылдардан кейін қайтадан қолайсыздықты сезіпті. Бұдан бөлек бойжеткеннің іші ауырып, шашы түсіп, артық салмай жинай бастаған.

Модель имплантты алып тастау үшін ауруханаға жүгінеді, алайда ол жердегілер қыздың мүсінін бүлдірмейтінін айтыпты.

"Сенің денең Sports Illustrated модельдердікі секілді, мен сені ұсқынсыз етпеймін. Сол үшін мұны жасамаймын", - деп мәлімдеген дәрігер.

Көп ұзамай бойжеткен өзіне сапалы ота жасайтын дәрігер тауып алыпы.

Донлан мүсінінің өзгергеніне қарамастан қазір өзін бұрынғыдан да жақсы сезінетінін айтыпты.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы түрік волейболшысы Мислина Килич ерекше сұлулығымен көпшіліктің таңдайын қақтыруда. Оның желіге салған әр суреті қызу талқыға түседі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұсқынсыз етпеймін": Дәрігер модельдің жасанды кеудесін алып тастаудан бас тартты
Mailfire view pixel