RU

Мешіт маңында ішімдік сатқан дүкен иесін әшкерелеген блогер соққыға жығылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Әндіжан облысы Асакин ауданында жергілікті блогерді мешіт жанындағы ішімдік дүкенінің қожайындары соққыға жыққан. Блогердің сөзінше, бұған оның әлеуметтік желіде мешіт маңында орналасқан ішімдік сататын дүкен жайлы жазбасы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Фото: centralasia.media

Фото: centralasia.media

Блогер 18 ақпан күні Facebook парақшасында өзіне дүкен қожайыны мен оның екі ұлы шабуыл жасағанын жазған. Шабуыл кезінде Отабек Нуритдиновтің аузына зақым келген.

Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Десе де, блогер денсаулығына қаншалықты зақым келгенін білу үшін, сот сараптама қызметіне жүгінген. Бұл туралы оның анасы Матлюба Курбанова хабардар еткен. Әйел адамның сөзінше, олар әзірге сот сараптамасының қортындысын алмаған.

"Ұлыма сот сараптама жұмыстарын жүргізді, алайда әзірге олардың нәтижесін әлі алған жоқпыз...Одан кейін бізді ауруханаға жіберді. Дәрігерлер маған ауыз қуысын 5 жерден, ауыз сыртында тағы бір жерден тіккендіктерін айтты", - дейді блогердің анасы.

Блогердің анасының айтуынша дүкен иелері алдымен Отабектен желідегі жазбаны өшіруді сұрапты.

Ал ұлы тек барлығы заңды болса ғана өшіретінін айтыпты. Осы кезде кенеттен дүкен қожайының екі ұлы Отабекке шабуыл жасап, олардың бірі ер адамға ауыз қуысы маңына ауыр соққы жасаған.

Матлюба Курбанованың сөзінше, Әндіжан қаласының полициясы ұлын ұрғандарға қатысты заң аясында тиісті шара қолданатанын айтқан.

Еске саларлығы бұл өзбекстандық блогердің қатысуымен болған алғашқы шулы жағдай емес. Бұған дейін ол жала жабу, тіл тигізу әрі шағын бұзақылық үшін айыпталып, 15 тәулікке қамалып, айыппұл төлеген.

Оның үстінен Әндіжан облысы Асакин ауданы әкімі, аудандық мектеп директоры мен облыстық халықтың білім беру басқармасының жетекшісі арыз жазған.

Айта кетейік бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева АҚШ президенті Дональд Трамптың қызыИванка Трамппен және Тереза Меймен кездескенін жазған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мешіт маңында ішімдік сатқан дүкен иесін әшкерелеген блогер соққыға жығылды
Mailfire view pixel