RU

Түркістан облысында мектеп оқушысы жасөспірім баланы өлтіріп қойды

Түркістан облысында мектеп оқушысы жасөспірім баланы абайсызда өлтіріп алды. Қайғылы оқиға 18 ақпан күні сағат 13.30 шамасында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: Instagram

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейіндегі қазақ сыныбының екі оқушысы өзара керісіп қалған. Кикілжің нәтижесінде соққы алған жасөспірімнің бірі құлап, тұрмай қалған. Мұны көріп қатты қорыққан екінші бала үйіне қашып кеткен.

Мектептегілер құлаған балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жедел жәрдем қызметі шақырылғанымен, ақ халаттылар баланы аман алып қала алмаған. Жедел жәрдем бригадасы жасөспірімнің қайтыс болғанын анықтады.

Қазір бұл жайт бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімі  ҚР ҚК-нің 104-бабы "Абайсызда адам өлтіру" бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841808-trkistan-oblysynda-mektep-okusysy-zasspirim-balany-ltrip-kojdy.html