RU

Дархан Асаділов каратеден Қазақстанға тарихи жолдаманы сыйлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Каратеден Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов 2020 жылғы Токио олимпиадасының жолдамасын иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дархан Жапонияда өтетін олимпиада ойындарына мерзімінен бұрын лицензияны жеңіп алды.

Бұл туралы Дубайда өткен финалдық кезеңнен кейін белгілі болды. Іріктеу кезеңінің ережесіне сәйкес, рейтингте алғашқы екі орынды иеленген спортшылар тікелей Токио Олимпиадасына лицензия алады. 

Дархан Асаділов өткен жылы басталған іріктеу бәсекелерінің басым көпшілігінде жеңіске жеткен. Атап айтар болсақ, Қазақстан командасының үздігі 11 премьер-лига кезеңінің сегізінде жеңіске жеткен. Осылайша, ол жүзден аса елден қатысқан 600 спортшының ішінен көш бастап отыр. 

Қазіргі сәтте Дарханның еншісінде 9817.5 ұпай бар. Ал оның ізін басып келе жатқан италиялық Анджело Кречензода 7350, түркиялық Самдан Ерайда 6772.5 ұпай бар.

Іріктеу кезеңіндегі қалған турнирлер Дархан үшін сәтсіз аяқталғанның өзінде, қарсыластардың қуып жетуі мүмкін емес. Себебі, Асаділов басты қарсыластарынан артта қалдырып отыр. 

Каратенің Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отырғанын ескерсек, Дарханның бұл жетістігі тарихта қалатыны сөзсіз. 

Қазақстан командасының бас бапкері Жасталап Санауов шәкіртінінің жетістігіне байланысты өз ойын білдірді.

"Бұл оқиғаға баға беру де қиын. 2016 жылы ХОК каратенің Олимпиада бағдарламасына енгенін хабарлады. Ал 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алудың мұншалықты қиын болады деп біз ойламаған едік. Бірақ Дархан біз артқан үмітті ақтап, әлемдік және олимпиадалық рейтингте бірінші орынға шығып, мерзімінен бұрын лицензия жеңіп алды. Бұл біздің алғашқы қарлығашымыз. Асаділовтің бұл жеңісі команданың өзге мүшелерін қанаттандырып, жолдама алсам деген жігерін жани түсетіні сөзсіз", - деді ол. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Әзірге Қазақстан қоржынында спорттың 15 түрінен 29 жолдама бар. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дархан Асаділов каратеден Қазақстанға тарихи жолдаманы сыйлады
Mailfire view pixel