RU

Германияда 8 адамның өмірін қиған атыс: Күдікті үйінде өлі күйінде табылды

Германияның Ханау қаласында атыс ұйымдастырды деп күдікке ілінген азамат өз үйінде өлі күйінде табылды, оның жанынан тағы бір дене табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Фото: Instagram/formacionysalud
Фото: Instagram/formacionysalud: Instagram
"Қазіргі уақытта басқа шабуылдаушылар болуы мүмкін деген ақпарат жоқ", - деп мәлімдеді жергілікті полиция Twitter желісіндегі парақшасында.

Күдіктінің аты-жөні әзірге айтылған жоқ.

Белгісіз біреу өткен түні Ханау қаласындағы екі кальян ғимараты мен букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, соның салдарынан сегіз адам қаза тапты. Одан бөлек, ауыр жарақаттанған бес адам ауруханада жатыр.

Белгілі болғандай, күдікті қанды оқиғаны жалғыз өзі ұйымдастырған.

Қылмыскерлердің бұндай әрекетке не себепті барғаны да жұмбақ.

Hanauer Anzeiger басылымының мәліметінше, қайтыс болғандардың арасында бір әйел адам бар.

Қазіргі уақытта, 8 адамның өмірін жалмаған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Ханау Еуро Одақтың қаржы астанасы және кәрі құрлықтағы ең үлкен әуежайлардың бірі орналасқан Майндағы Франкфурттан 20 шақырым жерде орналасқан қала.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысындағы ауылда атыс болып, соның салдарынан төрт адам ауруханаға түскенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841871-germaniada-8-adamny-mirin-kigan-atys-kdikti-jinde-li-kjinde-tabyldy.html