RU

Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сержант қару-жарақпен бірге қашып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының маңындағы әскери әуе қорғаныс бөлімдерінің бірінде келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген сержант рота бойынша кезекшілікті рұқсатсыз тастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

сержант

Көрнекі фото: pixabay.com

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қызметке келісімшарт негізінде алынған кіші сержант Балғынбай бөлімнен өз еркімен кетіп қалған.

Одан бөлек, қару-жарақ сақтайтын бөлмеде бірнеше атыс қаруының жетіспейтіні анықталған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының күштері мен әскери полиция әскери қызметшіні іздеу және ұстау, жоғалған қару-жарақты табу бойынша барлық қажетті шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары да қабылданды.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 23 маусымында ұйықтар алдындағы тексеру кезінде 19 жастағы сарбаздың Маңғыстау облысындағы әскери бөлімшеден қашып кеткені анықталған еді.

Жас жігіт 25 маусымда Маңғыстау облысы, Жетібай ауылынан табылған. Ол әскерден анасын сағынған соң қашып кеткен. Сол кезде ұсталған азамат қызметтік орнын өз бетімен тастап кеткені үшін он күн қамауға алу жазасына кесілуі мүмкін екені айтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сержант қару-жарақпен бірге қашып кетті
Mailfire view pixel