RU

Сержант қашып кеткен Түркістан облысында "Ұстау" жоспары жарияланды

Бүгін әлеуметтік желіде келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкердің Шымкент маңындағы бөлімнен қашып, өзімен бірге қару алып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Төтенше жағдайдан кейін аймақта "Ұстау" жоспары жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында қашып кеткен әскери қызметкерді "Ұстау" операциясы жарияланды
Фото: Otyrar.kz: UGC

Аталған әскери бөлім Бадам ауылында орналасқан. Елді мекенге Otyrar.kz жергілікті басылымының журналистері аттанды.

Олардың дерегінше, бөлімнен алыс емес жерде форма киген әскерилер мен полицейлер көрінген.

Бас әскери прокуратураның порталға берген мәліметіне сәйкес, қару жоғалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, өңірде "Ұстау" жоспарының енгізілген.

Бұдан бөлек, тараған хабарламада жас сержанттың 20 ақпан күні түнде жауынгерлік кезекшілік атқарғаны белгілі болды.

Бір уақытта жігіт кілтке ие болып, дабыл қағу құрылғысын өшіріп, аумақтан 30-ға жуық Калашников автоматын, 27 Макаров тапаншасын, сондай-ақ, 500-ге жуық оқты алып шыққан.

Осыған дейін аталған мәліметке байланысты ресми ақпаратты Қазақстанның қорғаныс министрлігі берген болатын. Ведомство келісімшарт негізінде қызмет ететін әскеридің жоғалғанын растаған еді. Қару-жарақтардың нақты саны мен атауы хабарланған жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841934-trkistan-oblysynda-kasyp-ketken-skeri-kyzmetkerdi-stau-operaciasy-zarialandy.html