RU

Аса маңызды істер бойынша тергеуші 2 млн теңге пара алды деп күдіктелуде (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері 2 миллион теңге көлемінде пара тіркелген қызметтік видеоны көрсетті. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша СҚО полиция подполковнигіне тиесілі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Бейнежазбада қызметкерлердің ер адамның екі қолынан ұстап тұрғаны, келесі кадрларда болжам бойынша, күдіктінің сөмкесінен жеке заттарын, соның ішінде полицейдің қызметтік куәлігін шығарып жатқаны көрсетілген.

Содан соң құқық қорғау органының қызметкерлері сөмкеден 10 мыңдық қағаз ақшалар бумасы салынған пакетті алып шығады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім еткендей, пара алу күдігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісіне қатысты тергеу басталды.

Параның мөлшері – екі миллион теңге. Болжам бойынша, бұл ақша үшін подполковник қылмыстық істі жабуы тиіс болған.

Ең қызығы, аталған іс пара алынбай жатып, ақпанның басында қылмыс құрамы анықталмауына байланысты жабылып қойған.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшысы өз кінәсін мойындапты. Енді оған қатысты сот процесі басталады.

Еске сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда телефон түрінде пара алды деп күдіктелген экс-әкімге сот үкімі шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аса маңызды істер бойынша тергеуші 2 млн теңге пара алды деп күдіктелуде (видео)
Mailfire view pixel