RU

Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сержант жайлы тың ақпарат шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстанда әскери бөлімнен қашып кеткен кіші сержантты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір өңірде "Ұстау" жоспары енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абылай Балғынбай. Фото: Әлеуметтік желі

Абылай Балғынбай. Фото: Әлеуметтік желі

Алғашында әскери бөлімді тастап кеткен қарулы сарбаз жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Хабарламада келісімшарт негізінде жұмыс істейтін кіші сержанттың 30 автомат, 27 тапанша мен бірнеше жүз патронды алып кеткені айтылған болатын.

Көп ұзамай Қорғаныс министрлігі кіші сержант өз еркімен әскери бөлімді тастап кеткенін растады. Одан бөлек, қару-жарақ жоғалғаны да белгілі болды. Алайда ведомство қарудың нақты саны мен атауын көрсеткен жоқ.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Қашып кеткен сержант іздестірілуде.

Ал әскери қызметкердің туыстары Абылайдың бойынан еш өрескел мінез байқамағанын айтады. Олар кіші сержант жайлы Tengrinews.kz сайтына баяндап берді.

Абылай Балғынбайдың немере ағасының сөзінше, ол - үйдің үлкені. Жанұяда одан кейін төрт бала бар. Жақындары Шымкент маңында тұрады, әкесі мен анасы жұмыссыз.

Нұрдәулеттің сөзінше, Абылай Шымкенттегі автотехникалық колледжде білім алған. Ашушаңдығы мен қақтығысқа бейімділігі байқалмаған ол Бадамда бірнеше жыл қызмет етіп келеді.

Ағасы әскери қызметкермен бір апта бұрын ғана сөйлесіпті. Ол ашық жарқын інісі тап осындай жағдайға тап болады деп ойламаған екен.

Сержанттың сыныптасы да Абылайдың сабырлы болғанын растап отыр.

Абылай Балғынбай әскерде 2016 жылдың жазынан бастап келісімшарт негізінде қызмет ететіні белгілі болды. Ол екі ай бұрын "кіші сержант" лауазымын алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сержант жайлы тың ақпарат шықты
Mailfire view pixel