RU

Болат Бақауовтың бұрынғы орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Үкімет басшысы Асқар Маминнің өкімімен Қабыкенов Арыстан Кенжетайұлы премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыстан Қабыкенов. Фото: primeminister.kz
Арыстан Қабыкенов. Фото: primeminister.kz: UGC

Айта кетейік, бұған дейін Арыстан Қабыкеновтің Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында босатылғаны хабарланған еді.

Ол аталмыш қызметке 2019 жылдың наурыз айынада тағайындалған.

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы 11 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы — КИМЭП, 2012 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы жекеменшік секторда бастаған. 

2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда болды. 2006–2008 жылдары премьер-министр кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2008–2011 жылдары Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

2011–2015 жылдары президент жанындағы Стратегиялық жобалар және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 

2015–2016 жылдары премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болған.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылғы қаңтар айына дейін Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары инвестициялар және даму вице-министрі болып қызмет етті. 

Еске сала кетейік, таяуда Павлодар облысын 2016 жылдан бері басқарып келген Болат Бақауовтың орнына өңірге жаңа әкім тағайындалған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1841998-bolat-bakauovty-bryngy-orynbasary-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy.html