RU

Айқынның көмекшісі "Қалауымның" тікелей эфирінде қалыңдық атанды (видео)

"Қалауым Live" тікелей эфирі кезінде Ербол есімді қатысушы өз жұбы Даяна атты аруға үйленуге ұсыныс жасады. Атышулы жобада табысып, екі ай бойы кездесіп келген ғашықтар енді отбасын құрмақ. Бағдарламаның арқасында қосылып, жанұя болуға ұмтылған жастарды бірінші болып танымал әнші Айқын Төлепберген құттықтап келген. Оның бұл әрекетіне өзіндік себептері де бар болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Анықталғандай, Айқын Төлепберген - Даянаның бастығы.

Жоба қатысушысы өнер иесінің жеке көмекшісі болып қызмет етеді екен. Шоу-бизнес жұлдызы бастапқыда өзінің адал жанкүйері, кейін қызметкері болған аруға ағалық тілегін білдіріп, оны арнайы студияға келіп құттықтағысы келген.

Ол қос ғашыққа ақ тілегін жаудырып, бағдарламаның тікелей эфирінде өзінің "Жүрегім ақ" әнін шырқап берген.

Желі қолданушылары Ербол мен Даянаның бақытына ортақтасып, оларға деген жылы лебізін жарыса білдірген.

Олар сүйікті жұбының жақында ерлі-зайыпты атанатынына қатты қуанып жатқанын жасырмады.

Сонымен қатар, көрермендер Айқынның да игі әрекетін атап өтіп, оның ағалық мейірімі мен адамгершілігіне жоғары баға берді.

"Керемет жағдай. Бұл жерде бәрі сондай үйлесімді. Ұсыныс жасау, Айқынның тосын сый да" , "Өте жарасымды жұп бақытты болыңдар" , "Даяна мен Ербол шынайы бақытқа лайықты" , "Керемет отбасы боласыздар" , "Айқын жарады, қарындасын өзі арнайы құттықтағаны жақсы болды" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген жеке өміріне қатысты бірқатар сырымен бөліскен болатын. Ол Жұлдыз Өмірғалимен отбасылы бола тұра, қалай қосылғанын айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842073-ajkynny-kmeksisi-kalauymny-tikelej-efirinde-kalydyk-atandy-video.html