RU

Қайрат "МЮ" сапында екі мәрте Англия чемпионы атанған футболшыны сатып алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Манчестер Юнайтед" сапында доп тепкен сербиялық футболшы Зоран Тошич жақын уақытта алматылық "Қайраттың" ойыншысы атанады. 32 жастағы жартылай қорғаушы қазақстандық атақты клубпен келісім-шартқа отыруға дайындалуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Flickr және instagram.com/tosiczoran7

Фото: Flickr және instagram.com/tosiczoran7

Қазіргі уақытта Зоран сербиялық "Партизан" клубында доп тебеді.

Sports.kz порталының мәліметінше, Тошич аталған командада соңғы 3 матчты өткізіп, мансабын "Қайрат" сапында жалғастырады.

Алматылық клубтың әкімшілігі жартылай қорғаушының ауысымы туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын белгілі болды.

Футболшы Алматы қаласына келіп, қазақстастандық ұжымның өкілдері Белградқа барып, қос тарап ортақ шешімге келген.

Соның нәтижесінде, Зоран Тошич "Қайрат" клубының шарттарын қабылдады.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы футбол жанкүйерлерінің арасында үлкен танымалдылыққа ие. Ол атақты "Манчестер Юнайтед" сапында екі рет Англия чемпионы атанды. Одан бөлек, мәскеулік "Цскамен" бірге Ресей чемпионатын үш рет жеңіп алған.

Тошич Соңғы 9 жылдан бері Сербия құрамасының негізгі ойыншысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ливерпуль" клубының бұрынғы ойыншысы, "Бенфика" командасының түлегі Тони Силваның қазақстандық клубқа ауысқанын жазған едік.

Сонымен қатар алматылық "Қайраттың" "Хайдук" клубында өнер көрсететін 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Жайро да Сильва үшін екі жарым миллон еуро ұсынғаны хабарланған. Алайда ауысым әлі жүзеге асқан жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайрат "МЮ" сапында екі мәрте Англия чемпионы атанған футболшыны сатып алады
Mailfire view pixel