RU

Жапониядан Қазақстанға дейін үш жыл жаяу жүрген саяхатшы елордаға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ливиядан шыққан танымал саяхатшы әлемнің 140 мемлекетінде болып, Нұр-Сұлтанға келді. Оның жолы Жапониядан басталып, Қазақстанның астанасында аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ливиялық саяхатшы Жапониядан Қазақстанға үш жыл жаяу келген

Фото: Видеодан кадр

Ливиялық тұрғын ешқашан осыншалық суық ауа райын көрмегенін, бірақ қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болғанын айтты.

Нуридің паспортында белгі қоятын жер қалмаған. Бүгінгі таңға дейін ол әлемді толықтай дерлік шарлап өткен. Қазақстан оның тізіміндегі 141-ші мемлекет.

Алғашқы саяхатын 1999 жылы бастаған азаматтың тізімінде ең алғаш Африка тұр.

Ол жерге жету үшін саяхатшы 7 жылын сарп еткен. Оның жолында көптеген қауіп-қатер мен бөгеттер шыққан.

Ал Азияда айтарлықтай қауіп болмапты. Десе де, ол бірнеше рет қасқырларға тап болған.

"Менің саяхатым күллі әлемге деген махаббатымның жолдауы. Оның арқасында мен көптеген елдің мәдениетін таныдым. Әрдайым ауызбіршілік жеңеді. Мен оның көмегімен соғысты жеңуге болады деп ойлаймын.
Мен бұл жолдауды әлемге жеткізу үшін ең үлкен шыңдарға шығып, ауызбіршілікте өмір сүруге шақырған видео үндеуімді жазған едім. Оны мен Африкадағы Килиманджаро, Непалдағы Эвересттен, Жапониядағы Фудзи тауынан жібергенмін", - деді Нури Фунас.

Саяхатшының сөзінше, оны қазақтың қонақжайлығы, еті мен сорпасы құтқарған екен.

Нури Фунас Қазақстандағы ливиялық елшілікке барып қайтты.

Сый ретінде ливиялық елші оған мемлекетер достастығын білдіретін екі елдің туы бейнеленген белгі берді.

"Ол әлемнің елшісі. Ол бүгін Нұр-Сұлтанға келді. Ливия мен Қазақстан халқы бір-біріне ұқсас. Біз үлкендерді құрметтеп, бірлікке талпынамыз. Сол себепті отандасымызды осы жерде көруге қуаныштымыз", - деді Қазақстандағы Ливия елшісі Ахмед Мефта'х.

Нури Фунастың Азиядағы саяхаты Қазақстанда аяқталады, бірақ ең алдымен ол Іле Алатауының шыңына шығып, видео түсіруі керек.

Содан кейін саяхатшы Ресейге, одан соң Украинаға аттанады.

Дүниежүзілік саяхатын аяқтағаннан кейін саяхатшы отанына оралып, отбасын құруды жоспарлап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жапониядан Қазақстанға дейін үш жыл жаяу жүрген саяхатшы елордаға жетті
Mailfire view pixel