RU

30-дан асқаннан кейін ми жұмысын қалай жақсартуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық ғалымдар жасы 30-дан асқан адамдарға ми жұмысын қалай жақсартуға болатынын айтты. Олар зерттеу нәтижелерін The Journals of Gerontology басылымына жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ iz.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандардың пікірінше, ми қашан да жұмыс істеп, оған салмақ түсіріп отыру керек екен. Оңтүстік Флорида университетінің ғалымдарының айтуынша, 30-дан асқан адамдар бір күнде түрлі іспен шұғылдануы қажет.

Мысалы тамақ әзірлеп, теледидар көруі немесе кітап оқып, спортпен айнылысулары керек. Алайда зерттеушілер мұндай әрекеттің өзі миға аздық етеді дейді.

Мамандар жалпы осыдан 10 жыл бұрын 34 және 84 жас аралығындағы 732 адамға зерттеу жасап көрген.

Биылғы жылы олар дәл осы зерттеуді әлгі адамдарда тағы да жасап көрген. Үнемі бір іс айналысқан мысалы тілді ұзақ жылдар бойы меңгерген адамдар күнделікті тірлікпен айналысатын адамдарға қарағанда миларының жақсы жұмыс істейтінін дәлелдеген.

Сонымен қатар ғалымдар көп жылдар бойы күнделікті әрі жоспарлы түрде айналысатын дағды интеллектуалды әрі әлеуметтік дағдыны қалыптастыратынын, ал өмірлік тәжірибе мен білім Альцгеймер ауруының алдын алуға көмектесетінін дәлелдеген.

Бұдан бөлек мамандар дағдылы бір іс адамдарға есте сақтау қабілетінің артуына, жадыны дамытуға, ақпаратты қабылдау және оны саралау дағдыларын дамытуға септігін тигізетінін айтады.

Айта кетейік бұған дейін канадалық ғалымдардың химиялық заттардың балалардың демікпе ауруына шалдығуға әсер ететінін хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
30-дан асқаннан кейін ми жұмысын қалай жақсартуға болады
Mailfire view pixel