RU

83 жастағы әжей жерлеу рәсімі кезінде тірілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

83 жастағы украиналық Ксения Дидух туыстары жерлеу рәсіміне дайындық үстінде болған кезде көзін ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

83 жастағы әжей жерлеу рәсімі кезінде тірілді

Фото: Youtube-канал ТСН

Украинаның Винницк облысында зейнеткер 10 сағатқа көз жұмды. Дәрігерлер әйелдің қысымымын өлшеген, алайда құралдар ештеңе көрсетпеген. Сондай-ақ, ақ халаттылар жүрек соғысын тексеріп, зейнеткердің көз жұмғанын байқаған. Дәрігерлер Дидухтың туыстарына "айналарды жауып, шамдардыы жағуға" кеңес берді.

Туыстары жерлеу рәсіміне дайындала бастады. Олар асқа тапсырыс беріп, әйелге арнап бейіт қаздыра бастады. Алайда, зейнеткер өмірдің белгілерін бере бастаған. Дәрігерлер әйел екі рет клиникалық өлімді бастан өткергенін айтты.

Зейнеткер күйеуі дьякон болғанын атап өтті. Ол шіркеуде ән айтып, ол үшін "дұға етті", - деді Дидух.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық жедел жәрдем бригадасы арыстық тұрғынды тірілтіп алған еді.

Мамандар оқиға орнына жеткенде ес-түссіз жатқан ер адамға "клиникалық өлім" диагнозын қойыпты.

Жедел жәрдем қызметкерлері жүрек-өкпе жұмысын қалпына келтіру үшін тез шара қолданып, науқастың бетін бері қаратқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
83 жастағы әжей жерлеу рәсімі кезінде тірілді
Mailfire view pixel