RU

Сапарбаев Жамбыл облысындағы мектеп директорларын сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездескен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сап.арбаев мектеп директорларын сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Оқу орындарының кейбір басшылары "Менің мектебім", "менің ұстаздарым", "менің шәкірттерім" деген сияқты тіркестерді қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп-мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы тұлғалар болуы тиіс", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Директорлар біртіндеп өздеріне керекті байланыстар арқылы өсіп отырады, ақыр соңында ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға алып келеді.

"Жұмысқа орналастырғаны үшін директор мұғалімнен ақы алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім өз шығындарын ата - аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді", - деді облыс әкімі.

 Егер директор адал жұмыс істеп, мектептегі білім берудің тәртібі мен жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отырса, бұл жағдайда басшыны ауыстыру мәселесін жүргізу міндеттелмейді.

Тәрбие негізі  отбасы және мектептен басталады, алайда соңғы уақытта осы әлеуметтік институттар арасындағы өзара байланыс үзілгендігі жиі айтылып жүр.

"Ата-аналар комитеті іс жүзінде жұмыс істемейді, ал педагогтар инертті ұстанымға ие. Бала тәртіп бұзған жағдайда ата-аналарға шағымдана алмайды, - деді Бердібек Сапарбаев өз сөзінде.

Аймақ басшысы мемлекет мұғалімдердің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсарту бойынша маңызды қадамдар жасап жатқанын, ал олардан қоғам сапалы білім беруді талап етіп отырғанын тағы да атап өтті. Мектеп рейтингтерін құрудың маңыздылығы, мұғалімдердің кәсіби өсуге дең қоюуы, заманауи әдістемелерді енгізу, жаһандану жағдайында жаңаша ойлана білу жайы айрықша ескерілді.

Ол спорт залдары мен білім беру және Мәдениет нысандары барлық жергілікті тұрғындар үшін, әсіресе жастар үшін қолжетімді болу керектігін баса айтты.

 Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі аймақтың барлық оқу орындарына таралуы тиіс, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кәсіпорындардың өтінімдері бойынша тек еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды ғана дайындауға міндеттелуі қажет.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларды БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сыни ескертулерге жедел әрі мұқият ден қоюға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сапарбаев Жамбыл облысындағы мектеп директорларын сынға алды
Mailfire view pixel