RU

Фьюри қарсыласы Уайлдерді нокаутқа түсіріп, WBC әлем чемпионы белбеуінінің иегері атанды

Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер шаршы алаңда қолғап түйістірді. Кездесу барысында WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынды. Тартысты өткен айқаста британдық қарсыласын нокаутқа түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/WBC және instagram.com/boxing.highlight
Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/WBC және instagram.com/boxing.highlight: Depositphotos

AllBoxing.ru мәліметінше, 31 жастағы Фьюри чемпиондық титулды қайтарып алған.

Жекпе жек жетінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Төрешілер айқасты тоқтату туралы шешімге келген.

Шаршы алаңдағы тартысты кездесуде Уайлдер бірнеше мәрте нокдаун алды.

Басылым дерегінше, америкалық боксшы жетінші раундта шабуыл жасауға қауқарсыз болған.

Оның аяқтан әрең тұрғанын аңғарған жаттықтырушылары төрешілерден жекпе жекті тоқтатуын сұрап, сүлгілерін лақтырып белгі білдірді.

Соның нәтижесінде Деонтей Уайлдердің он бірінші рет чемпиондық белбеуін қорғау үшін шыққан кездесуі жеңіліспен аяқталды.

Айта кетейік, бұл боксшының кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Уайлдер 42 жекпе жегін жеңіспен аяқтаған. Соның 41 кездесуінде америкалық боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Супер жұлдыздардың осыған дейінгі кездесулері тең аяқталған.

Ол уақытта төрешілер жеңімпаздың атын атай алмады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842275-furi-karsylasy-uajlderdi-nokautka-tsirip-wbc-lem-cempiony-belbeuinini-iegeri-atandy.html