Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында ел қоржынын тағы бір алтын медаль толықтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz
olympic.kz: Depositphotos

120 келіде өнер көрсететін отандасымыз финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, Юсуп Батырмурзаев жартылай финалда ирандық Парвиз Хадибасманждан, ширек финалда үндістандық Сатендерден айласын асырған болатын.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін 74 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмей, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.

Сондай-ақ, Данияр спорттық мансабында екінші рет Азия чемпионы атанып отыр.

Сонымен қатар осы дода 63 келіде өнер көрсететін Өзбекстанда тұратын қандасымыз Елмұрат Тасмұратовтың да бесінші рет Азия чемпионы атанғанын айта кетейік.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы күрес түрлерінен жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы командалық есепте медаль саны бойынша үшінші орынмен аяқтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842321-tagy-bir-kazakstandyk-baluan-erkin-kresten-azia-cempiony-atandy/

pixel