RU

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда COVID-2019 коронавирусын жұқтырудың 161 жаңа дерегі тіркелді. Елдегі ауруды жұқтырғандардың жалпы саны 763-ке жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оңтүістік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды

Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет президенті Мун Чжэ Ин бұған дейін Оңтүстік Кореяның эпидемиологиялық деңгейді үшінші "қызғылт сары" түстен төртінші "қызыл" түске дейін көтерілгенін хабарлады.

Жаңа коронавирустан барлығы 7 адам көз жұмып, 18 науқас ауруханадан емделіп шыққан. Ал 8 725 адамның сараптамаларын дәрігерлер әлі тексеруде.

KCDC мәліметтеріне сәйкес, ауруды жұқтырудың жаңа деректері Тэгу қаласында (131), Кенгидо провинциясында (10), Кенсан-Пуктода (11) және бүкіл ел бойынша түрлі аудандардан анықталып отыр.

Бұл ретте жаңа науқастардың 129 адамы Тэгудағы Синчхончжи діни қозғалысымен байланысты екен.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты жұқтырғандардың саны шамамен 77 мың адамға жеткен, ал көз жұмғандары саны - 2442.

Сондай-ақ, бұған дейін Қытай түрмелерінде де коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқаны хабарланды. Қауіпті індет 500-ден астам сотталушыдан анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды
Mailfire view pixel