RU

Бауыржан Орданың әзіл мен ән кешіне тегін билет ұтып ал

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер әрі сатирик Бауыржан Орда 8 наурыз мерекесіне орай, әзіл мен әнге толы үлкен кеш өткізбек. Өнер иесі бірінші наурыз күні, Алматы қаласында Өмірбек Жолдасбеков атындағы «Студенттер сарайында» болатын концертінде әйелдер қауымын күлкіге қарық қылуға ниетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Орда 8 наурыз қарсаңында әйелдер қауымын күлдірмек

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазақстан «Серпер жастар» одағы сыйлығының иегері Бауыржан Орда барша қазақстандықтарды «Аналарға әзілімді арнаймын» атты жеке шығармашылық кешіне шақыруда. Белгілі әзілкештің концерттік бағдарламасы толығымен абзал аналар мен қыз-келіншектер жайында болмақ. Сонымен қатар, кеш барысында бала тәрбиесі, отбасыда және қоғамда кездесетін күлкілі жәйттар да қозғалмақ.

Аталмыш кеште Роза Рымбаева, Мұқасан Шахзадаев, Өмірқұл Айниязов, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Қуаныш & Қарлығаш дуэті, Нұрсұлтан Нұрбердиев өнер көрсетпек.

Кештің басты мақсаты: Көрерменге оның ішінде әйелдер қауымына шынайы қазақы қалжыңды ұсына отырып, астарлы әзіл арқылы әйелдердің қоғамда алатын орнының маңызды екенін насихаттау, ана тілін ұлықтау және кенже дамып келе жатқан сатира өнерінің өсуіне үлес қосу болып табылады.

160 минутқа (2 сағат 20 минут) созылған кеште тек кәсіби актерлар өнер көрсетіп, Бауыржан Орданың авторлық туындылары ел алдына ұсынылмақ.

"Аналарға әзілімді арнаймын" кеші 1 наурыз күні сағат 18:00-де Өмірбек Жолдасбеков атындағы "Студенттер сарайында" өтеді.

Билеттерді мына сілтеме арқылы және Студенттер сарайы кассаларында сатып алуға болады.

Сонымен қатар, KAZ.NUR.KZ редакциясы оқырмандары үшін арнайы конкурс жариялайды. Байқау шарттары мынадай:

1. KAZ.NUR.KZ сайтына тіркелу.

2. Осы материалдың астында қызықты әрі күлкілі комментарий қалдыру.

3. Байқау 27 ақпан күні сағат 14:00-де аяқталады.

Біз жазылған пікірлердің арасынан үздіктерді анықтайтын боламыз. Белсенділік танытыңыз. Жеңімпаздар билеттерін біздің редакциядан алып кете алады.

Фото: ticketon.kz

Фото: ticketon.kz

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бауыржан Орданың әзіл мен ән кешіне тегін билет ұтып ал
Mailfire view pixel