RU

Семейлік жүкті келіншек дене қызуын түсіремін деп өліп кете жаздады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аяғы ауыр семейлік келіншек дене қызуын түсірмекші болып, анафилактикалық шок алды. Әйел қатты аллергиялық әсердің салдарынан о дүниелік бола жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семейлік жүкті келіншек дене қызуын түсіремін деп о дүниеге аттана жаздады

Көрнекі фото: pixabay.com

Аяғы ауыр келіншек медициналық қызметкрелерге сенбі, 22 ақпан күні келіп түсті. 33 жастағы жүкті әйелдің есінен танып қалғаны анықталды. Бұл әйел дене қызуын түсіретін дәріні қабылдағаннан кейін болған деп хабарлайды YK-news.kz.

Дәрігерлердің сөзінше, қала тұрғыны бұлай істемес бұрын мамандармен алдын ала ақылдаспапты. Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері оған аса ауыр анафилактикалық шок диагнозын қойды.

Бұл тек ананың ғана емес, баланың да өмірін қауіп-қатерге тікті.

Оның үйіне лезде жетіп, жылдам әрекет еткен медициналық қызметкерлердің арқасында әйелді өлімнен арашалап қалу мүмкін болды. Содан кейін келіншек перзентханаға жеткізілді.

11 сағаттан кейін дүниеге ұл бала келді. Қазіргі таңда олар өздерін жақсы сезінуде.

Естеріңізге сала кетейік, жүкті әйеліне арқасын "төсеген" болашақ әке желідегілерді тамсандырды.

Дәрігердің қабылдауына келген ерлі-зайыптылар кезегін күтіп, есіктің жанында ұзақ уақыт тұрды. Аяғынан тік тұрып шаршаған аяғы ауыр келіншек қинала бастады. Оны көрген әйел адамның күйеуі бірден жерге отырып, жұбайына "орындық" болып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар! м

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семейлік жүкті келіншек дене қызуын түсіремін деп өліп кете жаздады
Mailfire view pixel