RU

Қазақстан ломбардтарындағы тексеріс: Басшылардың есімі белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы кездері "Estate Ломбард" және "Гарант 24" ломбардтарына қатысты жағдайдың ушығып кеткені белгілі. Қазақстан бойынша аталған қаржы ұйымдарында тінту жүргізіліп, басшылары ұсталды. Адамдар ломбардтардың кеңселеріне шабуыл жасап, қаражаттарын қайтаруды талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Атап айтқанда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Қызылорда және басқа да бірқатар қалаларда компаниялардың бөлімшелері тексеріліп, басшылары ұсталды.

Осы мәселеге байланысты туындаған даудан кейін қазақстандық өнер жұлдыздары аталған компанияны жарнамалағандары үшін халықтан кешірім сұрады. Белгілі болғандай, кейбіреулері тіпті, ол ұйымдарға ақша салған, сол себепті полицияға арызданыпты.

Бұған дейін БАҚ-та Атыраудағы Home Avto Invest ломбардының директоры кепілге алынды деген ақпарат пайда болды. Алайда, кейіннен ломбрад меңгерушісі видеоүндеу жолдап, бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Sputnik Қазақстанның мәліметінше, "Гарант 24" ломбардының басшысы – Аслан Мұрзабеков. Орталық кеңсесі астанадағы Сығанақ көшісінде орналасқан.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанның Майлин және Момышұлы көшелерінде 2 ломбард қызмет еткені белгілі болды. Тағы бірнеше қалада өңірлік бөлімшелері де бар. Мұнда 52-100 адам жұмыс істейді. Ұйымның банк қызметтерімен айналысуға лицензиясы жоқ болып шыққан. Сондай-ақ 121 мың теңге көлемінде салықтық қарызы анықталды.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

"Estate Ломбард" басшысы – Нұржан Елеуов. Бас кеңсесі Алматыдағы Жамбыл көшесінің бойында. 11-15 адам қызмет етеді. Аталған фирманың бұзушылықтары мен қарыздары анықталмаған.

Ал Home Avto Invest ұйымын Нүрбек Зейнеденов басқарады. Кәсіпорын Ақтөбе қаласы Молдағұлова көшесі бойынша тіркелген. Нарықта жұмыс істеп жатқанына үш жылдан асқан. Ұйымның саласы ретінде жарнама агенттігінің қызметі көрсетілген. Алайда, бұның ломбардқа қандай қатысы бар екені түсініксіз.

Еске сала кетейік, 22 ақпанда "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларының қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғандарын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан ломбардтарындағы тексеріс: Басшылардың есімі белгілі болды
Mailfire view pixel