RU

Коронавирус қаупіне байланысты қай елдерге баруға болмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарына 8 елге бармауға кеңес берді. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: khersonmasternews.com

Фото: khersonmasternews.com

Атап айтқанда, денсаулық сақтау ведомствосы қазақстандықтарға Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауға кеңес берді.

Бас санитар өткен аптада Қытаймен шекарадағы барлық бақылау-өткізу пункттерін аралап шыққанын атап өтті. Өткен жұмада Қытайда коронавирус жұқтыру жағдайлары жарты процентке өссе, одан кейін 1,1% болды. Өткен тәулікте күнделікті өсу 0,28%-ті құрады, яғни ең төмен деңгейде.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Кореяда вирустың өршуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы деректерге сәйкес, бұл жерде коронавирус жұқтырғандар саны 763 адамға жеткен, жетеуі қаза болды.

"Сондай-ақ, біз Италия (114 адам), Жапония (132 адам, Diamond Princess круиздік лайнеріндегі жағдайды қоспағанда), Сингапур (89), Иран (49), Таиланд (35), Малайзия (22) елдеріндегі жағдайға да назар аударуды сұраймыз. Осы елдерге бармауды өтінеміз", – деді Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер аталған елдерде жағдай тұрақталғанша,ол жерлерге жоспарланған сапарларды кейінге қалдыруға кеңес берді.

Айта кетейік, коронавирус тарауына байланысты жолаушылары карантинге жабылған Diamond Princess лайнеріндегі төрт қазақстандық елге оралған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус қаупіне байланысты қай елдерге баруға болмайды
Mailfire view pixel