RU

Түркістан облысында ақша бопсалаған “Сарыағаш” қылмыстық тобы құрықталды

Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Түркістан облысының ПД
Фото: Түркістан облысының ПД: UGC
Өңірлік полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы “Қапланбек” шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған “Сарыағаш” қылмыстық тобын құрықтады.

Өзбекстан Республикасына жол жүрген азаматтар ақша беруден бас тартқан жағдайда ҰҚТ қызметкерлері қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, алдыңғы әйнектерін сындырып, жүк автокөліктерінің дөңгелектерін тесіп кеткен.

Фото: Түркістан облысының ПД
Фото: Түркістан облысының ПД: UGC

Жедел-іздестіру шарасы барысында уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Барлығы 13 күдікті анықталған. Ұсталғандардың Түркістан облысының тұрғындары екендігі белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194 бабы “Қорқытып алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер қамауға алынған. Айғақ ретінде қару, пышақ және ақша тәркіленді. Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында қазақстандық кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған прокурорлар қолға түскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842533-trkistan-oblysynda-aksa-bopsalagan-saryagas-kylmystyk-toby-kryktaldy.html