RU

"Ақылымыз ұзарсын": Шаш үлгісін өзгерткен Ақбота Керімбекова талқыға түсті (фото)

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Ақбота Керімбекова халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында шаш үлгісін өзгертіп тастады. Көпбалалы әнші шашын қысқартып, қалың көпшілікке жаңа образын паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/botakerim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ақбота Керімбекова Instagram желісінде ұзын шашын қысқартып тастағанын хабарлап, жаңа образдағы фотосымен бөліскен.

"Сәлем достар, қалайсыздар? Шашты қысқарттық, ақылымыз ұзарсын" , - деп жазып қойған ол суреттің астына.

Өнер иесінің бұл өзгерісі бірден қызу пікірталасқа түрткі болған. Ақботаның жаңа шаш үлгісіне қатысты желі қолданушыларының ойы бірдей болмай шықты. Бірі оған аса жарасымды екенін жазып жатқанда, енді бірі шашын қысқартқанын үлкен қатеге теңеді.

"Әдемі, жарасып-ақ тұр" , "Сізге бәрі жарасады, өзгеріс болып тұрағын негізі дұрыс" , "Көктемге қарсы өзгеріс" , "Бекер деп есептеймін" , "Ұзын шаш жақсы еді" , "Қыздың шашының қысқарғаны, ақылының қысқарғаны" , "Жасарып шыға келдіңіз" , "Мүлдем жараспайды" , "Дене бітіміңізге мына шаш үлгісі келіспейді" , "Сұлулсыз" , - деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарып, өзіне сезімін білдіріп жүрген азаматар көп екенін жайып салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842539-akylymyz-zarsyn-sas-lgisin-zgertken-akbota-kerimbekova-talkyga-tsti-foto.html